Алматыда Отан қорғаушылар мен майдангерлер құрметіне концерт өтті

Алматыда Отан қорғаушылар мен майдангерлер құрметіне концерт өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Жеңіс салтанаты» атты концерт ұйымдастырылды.

Музыкалық кеште Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі өнер көрсетті. Ұжым солистер және балалар хорымен бірге соғыс жылдарындағы әндерді, сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындады.

Кеш барысында «Ақсақ құлан», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері, «Журавли», «Катюша», «Қаһарман аға Бауыржан» композициялары және өзге де туындылар шырқалды.

Концерт соңында сахнада аңызға айналған «День Победы» әні орындалды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі