
Жас қазақстандық жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету және талантты ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатында тағайындалған. Биыл әдеби сыйлық төртінші рет табысталады.
Әдеби сыйлыққа 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.
Өтінімдер «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша қабылданады. Автор тек бір номинацияға ғана өтінім жолдауы тиіс.
Өтінім қабылдау 2026 жылғы 16 маусымға дейін жалғасады. Өтінімді қағаз және электронды түрде мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті, 273 кабинет.
Қосымша ақпаратты +7 (707) 525 24 54, 8 (7172) 740407, 8 (7172) 740384, 8 (7172) 740408 нөмірлері бойынша алуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі