Неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Астанада неке және отбасы саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бірлесе ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен заңгерлер қатысты.

Жиын барысында балалардың құқығын қорғау, отбасы саясатын іске асыру тетіктері, неке және отбасы саласындағы әлеуметтік зерттеу нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамалар мен жаңа Конституциядағы отбасы және неке мәселелеріне қатысты нормалар қарастырылды.

Іс-шара отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың құқығын қамтамасыз етуге, балалардың мүддесін қорғауға және отбасы саясатын жетілдіруді көздейтін заңнамалық бастамаларды әзірлеуге бағытталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі