
ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан мен Өзбекстан кітапханаларындағы жазба мұраны сақтау бағытындағы халықаралық жоба аясында тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. Жоба мақсаты – Орталық Азиядағы жазба мұраны сақтау мен қалпына келтіру ісімен айналысатын мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру.
Дәрістерді Грекия мен Түркиядан келген халықаралық сарапшылар жүргізді. Оқытуға Қазақстанның әр өңірінен келген 30 реставратор қатысты. Бес күн бойы қатысушылар көне қолжазбаларды сақтау мен қалпына келтірудің заманауи тәсілдерін, тарихи кітап түптеу ерекшеліктерін зерттеу және жазба мұраларды қалпына келтіру әдістерін меңгерді.
Бұл бастама құнды қолжазбаларды сақтауға, реставраторлардың кәсіби деңгейін арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі