Елордада «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Елордада «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Бүгін Астанада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу рәсімі өтті. Бұл – Орталық Азиядағы ең ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шаралардың бірі.

Көрме-жәрмеңкенің негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін наси­хаттау, кітап нарығындағы жаңа өнімдерді көпшілікке таныстыру, әлем­­дік кітап шығару және баспа индустриясының тәжірибесімен ал­масу.

Кітап көрмесіне Қазақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Моңғолия, Испания, Қытай, Иран, Беларусь, Португалия, Венесуэла және Ұлыбританиядан келген баспа, кітап саудасы, ғылыми-білім беру және полиграфия саласында жұмыс істейтін 80-нен астам компания қатысуда. Қатысушылардың тең жартысы – қазақстандық ұйымдар.

Көрме аясында жаңа кітаптардың таныстырылымдары, авторлармен кездесулер, автограф-сессиялар және балаларға арналған шеберлік сабақтары өткізіледі.

Жәрмеңке 26 сәуірге дейін (қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) өтеді. Кіру тегін. Жұмыс уақыты – 10:00-ден 20:00-ге дейін.

«Astana Eurasian Book Fair – 2026» кітап көрме-жәрмеңкесін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қалалық әкімдігі және Креативті индустрияларды дамыту қорының қолдауымен «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі