Қазақстанда «Кітап. Тарих. Шежіре» атауымен кітап апталығының алтыншы күні өтті

Қазақстанда «Кітап. Тарих. Шежіре» атауымен кітап апталығының алтыншы күні өтті

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында бүгін кезекті күн «Кітап. Тарих. Шежіре» атауымен өтті.
Кітап апталығының алтыншы күнінде ел көлемінде кітапханаларда, мәдениет және білім беру ұйымдарында кітап көрмелері, сирек әрі құнды басылымдар экспозициясы, реставрация ісінің таныстырылымы мен шеберлік сағаттар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, елордада «Мата мен қағаз: Комбинацияланған кітап түптеу шеберлігі» атты шеберлік сабағы өтті. Алматы қаласында «Алақандай асыл мұра» және «Қордағы қолтаңбалар» атты сирек басылымдар көрмелері ұйымдастырылып, халықаралық реставраторлардың қатысуымен кітаптарды қалпына келтіру бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді. Алматы облысында «Кітап fest – ұлттық құндылық» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Түркістан облысында «Кітапқа екінші өмір сыйла» атты шеберлік сабағы өтті. Батыс Қазақстан облысында құнды басылымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылса, Жамбыл облысында «Бүгінгі кітап – ертеңгі білімнің негізі» атты жәрмеңке өтті.

Жалпы республика бойынша 350-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 13 мыңға жуық адам қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі