Астанада гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту мәселесі талқыланды

Астанада гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту мәселесі талқыланды

Бүгін Астанада мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жобаларды іске асыру мәселелеріне арналған фокус-топ отырысы өтті.

Жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева гендерлік сипаттағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мемлекеттік отбасы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Сонымен қатар бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның тұрақты назарында екені айтылды.

Кездесу барысында жүзеге асырылып жатқан бастамалар мен өзекті мәселелер қаралып, қабылданып жатқан шараларды жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар әзірленді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жобаларды іске асыру тәсілдерін бөлісті.

Фокус-топтың қорытындысында бұл саладағы жұмысты жетілдіріп, қолданыстағы тетіктердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі