«Сөз өнеріндегі өлкетану» күні аясындағы іс-шараларға 15 мыңға жуық оқырман қатысты

«Сөз өнеріндегі өлкетану» күні аясындағы іс-шараларға 15 мыңға жуық оқырман қатысты

Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған кітап апталығы аясында кезекті күн «Сөз өнеріндегі өлкетану» атауымен өтті.

Апталықтың екінші күні отандық авторлардың шығармашылығын кеңінен танытуға және аймақ әдебиетін дамытуға арналды. Еліміздің кітапханаларында, мәдениет ошақтарында және білім беру мекемелерінде қаламгерлермен кездесулер, кітап таныстырылымдары, әдеби кештер мен пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Атырау облысында ақын Хамит Ерғалиевтің шығармашылығына арналған «Ақиық ақын» поэзия сағаты өткізілді. Солтүстік Қазақстан облысында көпшілік ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына орай өткізілген «Жырмен өрілген ғұмыр» атты әдеби-сазды кештің куәсі болды. Жамбыл облысында Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған «Күләш жыры – қазақтың сырлы үні» атты поэзия байқауы ұйымдастырылды. Абай облысында қаламгер Әсет Мырзақасыммен кездесу өтті. Ақмола облысында Алмас Темірбайдың «Жекебатыр» атты кітабы таныстырылды.

Жалпы республика бойынша 400-ден астам іс-шара өтіп, оған 15 мыңға жуық адам қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі