
ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті. Іс-шараға ақын-жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кеш аясында «Қабдеш Жұмаділов. Библиографиялық көрсеткіш» атты басылымның таныстырылымы өтті. Жинаққа қаламгердің шығармалары мен түрлі жарияланымдары топтастырылған. Қатысушылар жазушының қазақ әдебиеті мен ұлт руханиятының дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар жазушының шығармашылық жолынан сыр шертетін ауқымды әдеби көрме көпшілік назарына ұсынылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі