Шығыс Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған семинар-тренинг өтті

Шығыс Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған семинар-тренинг өтті

«Esirtkisiz QAZAQSTAN» жобасы аясында Esbol Qory қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған семинар-тренинг өткізді.

Іс-шараға өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, психологтар, студенттер, волонтерлер мен халықаралық сарапшылар қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті мәселелері мен құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктері талқыланды. Сонымен қатар есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды күшейту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру және жастардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар-тренинг аясында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, өңірлік деңгейде жүзеге асыруға болатын нақты бастамаларды қарастырды.

«Esirtkisiz QAZAQSTAN» жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында жүзеге асырылып келеді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі