Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарды оқытуды күшейтуде

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы үкіметтік емес ұйымдарды оқытуды күшейтуде

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы еліміздің барлық өңірінен келген азаматтық ресурстық орталықтар мен әкімдік өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Кездесу барысында қатысушыларға грант конкурсын өткізудің жаңартылған рәсімдері түсіндіріліп, жобалық өтінімдерді дайындау бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Сонымен қатар жүйелі оқыту мен сүйемелдеу үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырудың және іске асырылатын жобалардың тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды шарты екені аталып өтті.

Өңірлердегі негізгі серіктес ретінде азаматтық ресурстық орталықтардың рөліне ерекше назар аударылды. Олар ҮЕҰ-ға кеңес беру және әдістемелік қолдау көрсету қызметін атқарады.

Шара қорытындысы бойынша, өтінімдердің сапасын арттыруға және ҮЕҰ-ның конкурстарға табысты қатысуына бағытталған өңірлік оқыту іс-шараларының кестесін әзірлеу жоспарлануда.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі