
QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингісі бойынша, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Орындаушылық өнер» бағыты бойынша ТОП-100-ге еніп, 51–100 орындар диапазонында бағаланды.
Бұл – әлемдік жаңа рейтингтік көрсеткіште Қазақстан үшін ең жарқын нәтижелердің бірі әрі отандық музыкалық білім беру саласындағы маңызды жетістік.
QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингісін халықаралық QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігі жариялады. Биылғы рейтингке Қазақстаннан 13 университет ұсынылған.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы пәндік рейтингке алғаш рет қатысып, өз бағыты бойынша бірден әлемнің үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына еніп отыр. Бұл ұлттық орындаушылық мектептің жоғары әлеуетін, кәсіби мамандар даярлаудың сапасын және қазақстандық кәсіби музыкалық білім деңгейінің халықаралық аренада мойындалуын айқындайды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі