
«Астана Опера» театрында Ұлыстың ұлы күніне арналған арнайы мерекелік кеш өтті. Сыдық Мұхамеджановтың «Айсұлу» операсы театр кіреберісінде театрланған қойылымнан бастау алды.
Қонақтарды опера труппасы, хор, миманс әртістері, сондай-ақ Қыдыр ата қарсы алды. Ұлттық аспаптар – жетіген, домбыра, қобыз, дауылпаздың үні естіліп, «Беташар» рәсімі көрсетілді. Раушан Ысқақова бастаған Алматы ауданы Ардагерлер ұйымының әжелері жаңа түскен келіннің бетін ашып, жиналған қауымға шашу шашты.
Іс-шара барысында ретро-инсталляция ұйымдастырылды. Тетар 60-70-ші жылдардағы шулы теміржол перронына айналды. Осындай сахналық қойылым көрерменді бірден баурап, шымылдық түрілмей тұрып махаббат хикаясы басталды.
«Айсұлу» операсы – тұңғыш қазақ комедиялық операсы. Оқиға 1960-70 жылдардан сыр шертеді. Осыған орай, театр сол заманның бейнесін көрерменге ұсынып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі