Ұлттық орталық музейде «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Ұлттық орталық музейде «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Наурызнама онкүндігі аясында тойланатын Ынтымақ күніне орай «Қазақстан – ортақ үйіміз» атты танымдық-тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оған «Озат» бастауыш мектеп оқушылары қатысты.

Аталған іс-шарада жас ұрпаққа ынтымақ пен бірліктің мазмұны, достық пен бірлік ұғымдары, Қазақстан аумағында түрлі этнос өкілдерінің өзара келісім мен татулықта өмір сүретіні туралы түсіндірілді.

Бағдарлама бірнеше кезеңді қамтыды. Кіріспе бөлімде қатысушыларға этносаралық келісім мен қоғамдық бірліктің мәні туралы ақпарат ұсынылды. Келесі кезеңде қатысушыларға арнайы әзірленген интерактивті сұрақ-жауап байқауы ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Ұлтты тап», «Сәлемдесу» және «Мақалды жалғастыр» сынды тапсырмалар беріліп, оқушылардың логикалық ойлау, тілдік және танымдық дағдылары анықталды. Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, шығармашылық қабілетін танытты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі