Алматыда «FOLK SHOW NAURYZ» мерекелік концерті өтті

Алматыда «FOLK SHOW NAURYZ»  мерекелік концерті өтті

Алматы қаласында Almaty Theatre сахнасында Әз-Наурыз мейрамына орай «FOLK SHOW NAURYZ» концерті өтті. Кеш Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен өтті.

Аталмыш жоба авторы, дирижер – Әділет Азбаев.  Концерт аясында қазақтың күй және дәстүрлі ән өнері заманауи өңдеуден өтіп, жаңа форматта көрерменге жол тартты. Сонымен қатар, әлемге танымал кинотуындылардың саундтректері де ұлттық аспаптарда орындалды.

Іс-шараға қобызшы Олжас Құрманбек, Гүлнұр Саргизова, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Ербол Тәжібаев, Дана Сәбит, Шахзод Сана, Ақынер Айлин, Ақылбек Бектасов, сондай-ақ ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының би ансамблі мен Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі студенттерінен құралған хор қатысты.

Концертте әртістердің жоғары деңгейде көрсеткен өнері, сахнадағы көркемдік шешімдер мен музыкалық қойылымдар көпшіліктің  ыстық ықыласына бөленді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі