
Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері Румынияда Наурыз мерекесіне арналған гала-концертте өнер көрсетті. «When the Steppe Awakens: Nauryz in Dance» концерті Бухарест қаласында «Йон Дачиан» ұлттық оперетта және мюзикл театрының сахнасында өтті.
Іс-шараға қазақ диаспорасының өкілдері мен румын көрермені жиналып, Қазақстанның төл мәдениетімен танысты.
Бағдарламада классикалық, ұлттық және заманауи хореографиялық қойылымдар ұсынылды. Көрермен Петр Чайковскийдің «Щелкунчик», Герман Левенсхольдтың «Сильфида» балеттерінен үзінділер, сондай-ақ Анвара Садықова мен Алмат Шамшиев хореографиясын қойған «Ақбаян» және «Жолбарыс жүрек» спектакльдерін тамашалады.
Сонымен қатар, сахнада халықаралық байқаулардың лауреаты, сопрано Лаура Әли өнер көрсетті.
Аталған іс-шара отандық өнерді шет елдерде насихаттауға және мәдени байланыс орнатуға сеп болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі