Jas Power Talks: Жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша кездесу өтті

Jas Power Talks: Жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша кездесу өтті

Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастарға азаматтық-патриоттық тәрбие беру мәселелеріне арналған Jas Power Talks кездесуі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мамандары қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жастар арасында азаматтық жауапкершілікті және патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, білім беру мекемелері мен қоғамдық институттардың осы үрдістегі рөлін, сондай-ақ жас қазақстандықтарды әлеуметтік маңызды бастамаларға тартудың маңызын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ведомствоаралық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және жастар саясатын қолдауға және дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі