Елордада XII Азаматтық форум қорытындысы бойынша Жоспарды іске асыру мәселесі талқыланды

Елордада XII Азаматтық форум қорытындысы бойынша Жоспарды іске асыру мәселесі талқыланды

Астанада Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңеске ҚР Парламентінің депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында XII Азаматтық форумдағы ұсыныстар негізінде әзірленген Жоспардың жүзеге асу барысы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс жөніндегі өңірлік кеңестердің қызметі, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды мемлекеттік қаржыландыру мәселелері қаралды.

Кездесу соңында өңірлік кеңестер жұмысының сапасын арттыру, гранттық қаржыландыру тетіктерін өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып тиімді пайдалану бойынша әкімдіктерге ұсынымдар әзірленді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі