Ұлттық орталық музейінде ұлттық киім көрмесі ашылды

Ұлттық орталық музейінде ұлттық киім көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық киім күніне орай «Ұлттық киім – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі» атты көрме ашылды.

Экспозиция қонақтрға қазақ халқының ұлттық киімін, мәдени мұрасын таныстырады. Киім арқылы ұлттың дүниетанымы, шаруашылық-тұрмыстық ерекшелігі, эстетикалық талғамы мен рухани құндылығы көрініс табады. Көрмеде ұсынылған мәдени құндылықтар қазақ қоғамындағы жас ерекшелігіне, әлеуметтік мәртебесіне, отбасылық жағдайына қарай киім үлгілерінің айырмашылығын айқын көрсетеді.

Көрме барысында экскурсиялар, ғалым-этнографтар мен этнодизайнерлер қатысқан кездесулер, сондай-ақ ұлттық киім үлгілерінің дефилесі ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, көрмеде музей қорындағы жәдігерлер, киім тігуге арналған құралдар және сол дәуірді бейнелейтін архив суреттері ұсынылды. Суреттердің бір бөлігі жасанды интеллект көмегімен өңделген. QR-кодтар арқылы келушілер түпнұсқа сурет пен жаңартылған нұсқаларды салыстырып, қосымша ақпаратпен таныса алады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі