Атырауда «Шаңырақ күнінде» жас аналарға құрмет көрсетілді

Атырауда «Шаңырақ күнінде» жас аналарға құрмет көрсетілді

Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – отбасы құндылықтарын, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын білдіретін «Шаңырақ күні» мерекесінде Атырауда сәбилі болған жас аналарға құрмет көрсетілді.

Жас аналарға облыс басшылығының атынан гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталды. Мерекелік іс-шарада музыкалық қойылымдар қойылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Осындай іс-шаралар еліміздің басқа өңірлерінде де өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі