
Астанада Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылдануына байланысты елдің даму кезеңдерін талқылауға арналған «Sarap» сарапшылар клубының отырысы өтті. Іс-шара Қазақстандық қоғамдық даму институтының ұйымдастыруымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.
Қатысушылар референдум қорытындыларына қатысты негізгі мәселелерді талқылап, оның елдің саяси жүйесіне ықпалын саралады. Сарапшылар билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, партиялық бәсекелестікті дамыту және есептілік механизмін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар саяси құрылым мен мемлекеттік аппаратты жаңғыртудың табысты болуын айқындайтын негізгі факторлар қарастырылды.
Сарапшылар азаматтардың жаңа Конституцияға деген қызығушылығы жоғары екенін атап өтіп, негізгі әлеуметтік институттарды дамыту үшін оның нормаларын іс жүзінде тиімді енгізу қажеттігін айтты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі