2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан кітапханаларына 11,1 млн келуші тіркелді

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан кітапханаларына 11,1 млн келуші тіркелді

2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан кітапханаларына келушілер саны 11 121 048 адамды құрады. Бұл көрсеткіш ел бойынша кітапхана қызметі мен кітап оқуға қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, келушілер саны бойынша өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы кітапханаларға 967 458 адам, Түркістан облысына 760 261 оқырман, Ақмола облысына 713 640 адам келген.

Мамандардың айтуынша, өңірлік кітапханаларда ұйымдастырылатын мәдени-ағартушылық іс-шаралар, әдеби кездесулер, оқырман клубтары мен жаңа кітаптар келушілер санының артуына ықпал етті.

Сонымен қатар I тоқсан қорытындысы бойынша қазақстандық оқырмандар арасында сұранысқа ие болған кітаптар тізімі де анықталды.

Еліміз бойынша ең көп оқылған кітаптар:

1. Әзілхан Нұршайықов - «Махаббат, қызық мол жылдар»

2. Бердібек Соқпақбаев - «Менің атым Қожа» 

3. Қабдеш Жұмаділов - «Тағдыр» 

4. Дулат Исабеков - «Қарғын» 

5. Шерхан Мұртаза - «Ай мен Айша» 

6. Смағұл Елубай - «Ақ боз үй»

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі