Наурызнама аясында Шымкент қаласының жоғары оқу орындары студенттері арасында зияткерлік ойын өтті

Наурызнама аясында Шымкент қаласының жоғары оқу орындары студенттері арасында зияткерлік ойын өтті

Наурызнама мерекесінің онкүндігі аясында Шымкент қаласында «Қазіргі қоғамдағы дәстүр мен мәдениеттің рөлі» тақырыбында зияткерлік ойын өтті. Іс-шара қалалық Жастар саясаты басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Ойынға қаладағы сегіз жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Зияткерлік ойын мақсаты – жастардың ұлттық дәстүр мен мәдени мұраға қызығушылығын арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ студенттердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – командалардың таныстырылымы, екінші кезең – мәдениет пен дәстүрге арналған өлеңдер оқу. Үшінші кезеңде мереке тақырыбына байланысты «Дода» форматында сұрақ-жауап сайысы өтті. Соңында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттері мен дарынын көрсетті.

Байқауға қатысқан барлық команда алғыс хаттармен марапатталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі