
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында әнші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Айтбек Нығызбаевтың «Ақселеудің әндері» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Жинаққа жазушы, этнограф-ғалым, композитор Ақселеу Сейдімбектің жазған әндері алғаш рет топтастырылып, ғылыми және ноталық негізде көпшілікке ұсынылды.
Кеш барысында автор кітап жазу тарихымен бөлісті. Қатысушылар жазушының тұлғасы мен шығармашылығы жайлы пікір алмасты.
Іс-шараға мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнертанушылар мен кітапхана оқырмандары қатысты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі