Аида Балаева Қазақстандағы Православ шіркеуінің басшысы митрополит Александрмен кездесті

Аида Балаева Қазақстандағы Православ шіркеуінің басшысы митрополит Александрмен кездесті

Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстандағы Православ шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар мемлекет пен Православ шіркеуінің өзара ынтымақтастығы мәселелерін, сондай-ақ діни ұйымдардың қоғамдық келісімді нығайтудағы, конфессияаралық диалогты дамытудағы және рухани құндылықтарды сақтаудағы рөлін талқылады.

Аида Балаева мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы конструктивті диалогтың маңыздылығына тоқталып, Православ шіркеуінің елдегі рухани бірлікті, қоғамдық тұрақтылықты және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мәдениет, руханият және қоғамдық диалог салаларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі