
Шымкент қаласында «Эра-KZ» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашақ туралы диалог: Конституциялық референдум және ұлт таңдауы» атты сараптамалық форум өтті.
Кездесу барысында азаматтық сектор өкілдері мен қоғам белсенділері конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, мемлекеттік басқарудың адам каптиалына бағытталған жаңа моделіне көшу мәселесіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ билік жүйесін өзгерту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейту, цифрлық ортада құқықтарды қорғау мәселелерін қарастырылды.
Форумда қоғамдық әділдік тақырыбына және конституциялық құндылықтарды жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөліне басымдық берілді. Қатысушылар алдағы референдумның маңызын атап өтіп, жастарды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді тарту қажеттігін жеткізді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі