ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында түркі әдеби мұрасына арналған дәріс өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында түркі әдеби мұрасына арналған дәріс өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы, қаламгер Сұлтан Раевтың қатысуымен әдеби дәріс өтті. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, белгілі жазушылар мен ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, мәдениет және білім саласының мамандары қатысты.

Кездесу аясында түркі халықтарының ортақ әдеби мұрасын насихаттау, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері сөз болды. Тараптар мәдени-гуманитарлық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру, ортақ рухани құндылықтарды жүйелі түрде дәріптеу бағытындағы ықпалдастық туралы талқылады.

Кездесу аясында «Түркі әлемі: Ортақ тамыр, ортақ мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге түркі халықтарының әдебиеті мен тарихын, рухани сабақтастығын айқындайтын еңбектер қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі