Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай елордада «Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы азаматтық сектордың рөлі» атты жиын өтті. Іс-шараға 100-ден астам ҮЕҰ өкілі қатысты.
Кездесу аясында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ҮЕҰ-ның жобалары таныстырылды, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан ұйымдарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Бүгінде Қазақстанда 23 мыңнан астам белсенді үкіметтік емес ұйым тіркелген. Соңғы бес жылда олар 10 мыңнан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырды. Ресми деректерге сәйкес, ҮЕҰ-ның үлесі – ЖІӨ-нің шамамен 0,4%-ы. Сонымен қатар ҮЕҰ-ның нақты үлесі волонтерлік, қайырымдылық және сарапшылық қолдау бағыттарында айқын байқалады.
Ауылдық ҮЕҰ-ның қатысуы да айтарлықтай белсенді. Өңірлік жобалар саны шамамен екі есе артқан. 2017 жылдан бері қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін 550-ден астам ұйым мемлекеттік сыйлыққа ие болды.
Іс-шара барысында азаматтық қоғам ұйымдарының конституциялық құндылықтарды жүзеге асырудағы рөлі мен әділеттілік қағидаттары мен қоғамдық қатысуды нығайтудағы орны да талқыланды. Сонымен қатар даңа Конституция жобасы қаралып, реформаларды сараптамалық қолдауда және халықты ақпараттандыруда азаматтық сектордың белсенді ұстанымы ерекше аталып өтті.
Қатысушылар азаматтық сектордың дамуы ішкі саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру, азаматтық қоғамның институттық негіздерін әрі қарай нығайтудың маңызды бөлігі екенін айтты.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі