
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мағира Қожахметованың 80 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.
Іс-шараға қаламгерлер, әдебиеттанушылар, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.
Әдеби кеште жазушының сан қырлы шығармашылық жолы, ұлттық журналистика мен әдебиетке қосқан үлесі туралы мазмұнды баяндамалар жасалды. Сондай-ақ қаламгердің прозалық және публицистикалық туындыларындағы ұлттық дүниетаным, рухани құндылықтары кеңінен сөз болды.
Сонымен қатар іс-шара барысында кітапхана қорындағы материалдар негізінде арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі