
Испания Ұлттық балетінің әртісі және хореографы Карлос Ромеро Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті мен мектеп-колледжінің білім алушыларына классикалық испан биінің қойылымын дайындау бойынша шеберлік сағатын өткізді. Ол балаларға испан хореографиялық мектебінің ерекшеліктерімен, оның стилі, музыкасымен және қозғалыс сипатымен таныстырды.
Қойылымның музыкалық негізі ретінде Морис Равельдің «Boléro» және «El sombrero de tres picos» балетіндегі «Las jotas» шығармалары таңдалды. Материал әртүрлі топтарға және жас ерекшелігіне бейімделіп жасалған. Сонымен қатар бағдарламада испан хореографиялық мектебінің түпнұсқалық сипаты, көркемдік мәнері және сахналық қуаты сақталған.
Бұл шеберлік сағат Академияның халықаралық шығармашылық ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам болды. Сонымен қатар студенттерге кәсіби тәжірибе жинақтауға, көркемдік көкжиекті кеңейтуге және ұлттық хореография саласындағы білімдерін тереңдетуге бірегей мүмкіндік берді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі