Алматыда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай шығармашылық кеш өтті

Алматыда Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай шығармашылық кеш өтті

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық меройтойына арналған «Халық менің шын атым» атты шығармашылық кеш өтті.

Іс-шараға музей және архив саласының өкілдері, өнер қайраткерлері, зерттеушілер, сондай-ақ ақынның немересі Салтанат Жамбыл қатысып, өз пікірі мен естеліктерін бөлісті.

Кеш аясында архив қорынан алынған 1932–1946 жылдардағы сирек фотоқұжаттар негізінде көрме ұйымдастырылды. «Архив–2025» бағдарламасы бойынша Ресей дыбыс архивінен алынған Жамбыл Жабаев дауысының аудиожазбасы көрерменге ұсынылды.

Іс-шара барысында «Жамбыл» атты көркем фильм көрсетілді. Фильмде ақынның өмір жолы, шығармашылығы мен түрлі тарихи кезеңдегі қоғамдық рөлі баяндандалады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі