Алматыдағы Ұлттық кітапханада Конституциялық реформалар бойынша алдағы референдум талқыланды

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Конституциялық реформалар бойынша алдағы референдум талқыланды

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ғылыми кеңестің ұйымдастыруымен «Конституциялық реформаның мемлекет дамуындағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Ғылыми кеңес мүшелері, жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ кітапхана мамандары қатысты.

Кездесу барысында Ата заңның жаңа жобасындағы негізгі өзгерістер талқыланды. Қатысушылар конституциялық реформаның қоғам дамуына ықпалы, құқықтық мәдениетті нығайтудағы маңызы туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар ғылым мен білімді дамыту, мәдениет пен руханиятты нығайту, кітапхана ісін жаңарту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау және цифрлық ресурстарды оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Қорытындылай келе, конституциялық реформаны әрі қарай талқылаудың маңызы, олардың ел дамуына ықпалы, сондай-ақ алдағы референдум туралы қоғамды хабардар ету мен азаматтардың белсенді қатысуы сөз болды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі