БҰҰ Волонтерлер бағдарламасының вебинарында Қазақстанның тәжірибесі таныстырылды

БҰҰ Волонтерлер бағдарламасының вебинарында Қазақстанның тәжірибесі таныстырылды

БҰҰ Волонтерлер бағдарламасы жанындағы Халықаралық волонтерлер жылының хатшылығы Тұрақты даму мақсаттарына арналған Халықаралық волонтерлер жылы (IVY 2026) аясында ұлттық үйлестірушілерге арналған вебинар ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан, Бельгия, Қытай, Ирландия, Испания, Таиланд және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Жиында Қазақстан атынан Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі сөз сөйледі.

Кездесу барысында қазақстандық тарап Халықаралық волонтерлер жылына дайындық бойынша ұлттық тәжірибені таныстырды. Атап айтқанда, Ұлттық ұйымдастыру комитетін құру, Ұлттық тұжырымдама мен Іс-шаралар жоспарын бекіту, сондай-ақ Волонтерлер форумын өткізу мәселелері баяндалды. Волонтерлікті дамытудың жүйелі тәсілі және оның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі атап өтілді.

UNV орындаушы-координаторы Тойли Курбанов Қазақстанда волонтерлік қызметтің саяси деңгейде жоғары бағаланатынын айтып, волонтерлікті Конституцияда бекіту мүмкіндігін талқылау – мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі