
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында көрнекті ғалым, абайтанушы, жазушы, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Іс-шараға белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, алаштанушы ғалымдар, сонымен қатар Әзербайжан, Башқұртстан және Татарстан ғалымдары, кітапхана қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Конференция аясында ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасын таныстыру мақсатында кітап көрмесі ұсынылды.
Сонымен қатар абайтанушы ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына арналған баяндамалар жасады.
Қатысушылар ғалымның шығармашылық мұрасын жан-жақты зерттеу, қазіргі гуманитарлық ғылыммен сабақтастыру, жас зерттеушілерге архивтік деректер мен қолжазбалармен жұмыс істеу тәжірибесін үйрету мәселелерін талқылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі