
Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған рухани кеш өтті.
Іс-шараға ақындар мен жазушылар, мәдениет және өнер саласының өкілдері, сондай-ақ архив қызметкерлері қатысты. Қатысушылар Мұқағали Мақатаевтың тұлғасы мен шығармашылығының қазақ әдебиеті мен ұлттық руханияттағы мәні туралы ойын бөлісті.
Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолын көрсететін сирек фотоқұжаттар мен архив материалдарының көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар Мұқағали Мақатаевтың 1967 жылы өз даусымен оқыған өлеңдері жазылған аудиожазбалар сынды құнды материалдар ұсынылды. Бұл құжаттар архив қорына 1969 жылы тапсырылған. Сонымен қатар қатысушыларға ақынның туған жері – Қарасаз ауылында түсірілген «Қарасаз көшелері» атты деректі фильм көрсетілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі