Қоғамдық талқылаулар өткізу туралы

Қоғамдық талқылаулар өткізу туралы

ҚР МАМ Ақпарат комитеті 2026 жылғы 23 ақпанда сағат 16:00-де реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу және пайдалану қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген) Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның меншік иелері теле-, радиоарнаның орналасқан жері, мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның редакциясының мекенжайы және (немесе) интернет-басылымның домендік атауы өзгерген күннен бастап бір ай ішінде уәкілетті органға хабарлама жіберу және меншік иесі уәкілетті органға бұқаралық ақпарат құралын есепке үшін жолдаған өтініште бөлігінде қорлайтын, беделін түсіретін немесе ұятсыз сипаттағы элементтері жоқ мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның атауы болмауы міндеттерін белгілеу үшін «Массмедиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңына реттеуші құралдардың реттеушілік әсерін талдау нәтижелері бойынша қоғамдық талқылаулар өткізу жоспарланғанын хабарлаймыз.