
Мәдениет және ақпарат министрлігі Павлодар облысының мемлекеттік органдары өкілдеріне арналған семинар ұйымдастырды. Семинар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен грант арқылы қаржыландыру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.
Іс-шараға өңірлік мемлекеттік органдардың 40-тан астам өкілі қатысты. Қатысушыларға қоғамдық пікірді ескере отырып, үкіметтік емес ұйымдармен өзара байланыс негізінде әлеуметтік жобаларды жоспарлаудың негізгі тәсілдері ұсынылды.
Семинар барысында жобаларды жоспарлау сапасын арттыруға, тақырыптарды дұрыс айқындауға, алдағы нәтижелерді нақты белгілеуге, сондай-ақ заңнама нормаларын тәжірибеде қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға әлеуметтік және грант жобаларын жоспарлау және іске асыру кезінде Министрлік ұсынымдарын ескеріп, заңнама талаптарын қатаң сақтау ұсынылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі