ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Нәбиолда Кемешов пен Нұрғайни Мұқанованың «Ұлы дала перзенті» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, ұстаздар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Кітапқа тыл еңбеккері, Қазақстандағы ең алғашқы комбайнды тізгіндеген комбайншылардың бірі Айтжан Башимованың өмірі және еңбек жолына арналған архив деректері мен естелік әңгімелер енген.

Кездесу барысында қатысушылар еңбек адамының асқақ бейнесі, оның адамгершілік құндылығы мен қоғамға тигізер әсері туралы пікір алмасты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі