Қазақстан мен Беларусь сарапшылары қолжазбаларды реставрациялау және цифрландыру мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Беларусь сарапшылары қолжазбаларды реставрациялау және цифрландыру мәселелерін талқылады

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазбаларды зерттеу, реставрациялау және цифрлық коллекциялар жасау» тақырыбында дәріс өтті.

Іс-шараны Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы және Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасы бірлесіп ұйымдастырды.

Бағдарлама аясында Қазақстан Республикасының қолжазба және сирек кітап мұрасын зерттеу және жинақтау бойынша археографиялық экспедициялар, цифрлық коллекциялар жасау кезінде құжаттарды іріктеу, факсимильдік көшірмелер жасау, араб графикасындағы қолжазбаларды беттеу ерекшеліктері туралы баяндамалар ұсынылды.

Жиынның басты мақсаты қолжазбалар мен сирек кітаптарды зерттеу, реставрациялау және цифрлық коллекциялар жасау саласындағы тәжірибе алмасуды дамыту және Қазақстан мен Беларусь арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту болды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі