Алматыда М. Мақатаевтың 95 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

Алматыда М. Мақатаевтың 95 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Мұқағали шығармаларын зерттеудегі жаңа бағыттар» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өтті. Іс-шара ақиық ақынның 95 жылдығына және Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Конференцияға әдебиеттанушылар, зерттеушілер, профессорлар мен жас мамандар қатысты. Жиын барысында ақын шығармашылығының көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері талқыланды.

Сонымен қатар, іс-шара аясында Мұқағали Мақатаев атындағы халықаралық қоғамдық қордың қызметі қорытындыланып, оның алдағы жұмысының басты бағыттары айқындалды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі