
ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жақау Дәуренбековтің туғанына 80 жыл толуына орай «Сарабдал сөз иесі – Жақау Дәуренбеков» атты еске алу кеші өтті.
Кешке қаламгердің замандастары, әріптестері, әдебиеттанушылар мен журналистер қатысып, қаламгердің шығармашылығы мен отандық журналистиканың дамуына қосқан үлесін талқылады.
Сонымен қатар іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты бейнематериалдар ұсынылды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі