Астанада жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлібек Асқардың 75 жасқа толуына орай «Әлібек Асқар шығармашылығындағы Алтай бейнесі және адам тағдыры» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараға ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, шетелдік және отандық ғалымдар, мәдениет қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Конференция аясында «Әлібек Асқар прозасындағы Алтай тақырыбы» және «Қаламгер шығармашылығындағы Әйел-Ана бейнесі» атты секциялық отырыстар өткізілді.
Қатысушылар ұлттық идея, авторлық жауапкершілік, шығармалардағы образдар жүйесі, сондай-ақ жазушы прозасындағы көркем тілдің ерекшеліктері мен негізгі тақырыптық бағыттарды талқылады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі