
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Қаржаубай Омарұлының «Әке» романына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара 2025 жылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай құрылған «Абай 14» кітап клубының бастамасымен өтті. Бүгінде бұл клубта 100-ден астам оқырман бар.
Дөңгелек үстелге Алматы қаласының мектеп оқушылары мен педагогтері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Жиын барысында шығарманың көркемдік ерекшеліктері жан-жақты талқыланды, әке бейнесі, ұлттық құндылықтар мен ұрпақтар сабақтастығы тақырыбы, сондай-ақ адамгершілік пен жауапкершілік мәселелері сөз етілді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі