Алматыда Медеу Сәрсекенің 90 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

Алматыда Медеу Сәрсекенің 90 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қазақ ғылыми фантастикасының негізін қалаушылардың бірі Медеу Сәрсекенің 90 жылдығына орай «Саналы ғұмыр – сарқылмас мұра» атты шығармашылық кеш өтті.

Іс-шараға «Өнер өрімдері» әдеби-мәдени клубы, «Незабудка» әдеби-музыкалық бірлестігінің мүшелері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Кеште жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан үлесі сөз болды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі