Астанада цифрлық медиаплатформалар мен жасанды интеллект тақырыбында воркшоп өтті

Астанада цифрлық медиаплатформалар мен жасанды интеллект тақырыбында воркшоп өтті

Астана қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіндегі цифрлық медиаплатформалар: YouTube, Facebook және Instagram желілерінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып контент дайындау және тарату» тақырыбында воркшоп өтті.

Іс-шараға офлайн және онлайн режимде 100-ге жуық адам қатысты.

Жиын барысында сарапшылар жасанды интеллектінің қарқынды дамуы кезіндегі цифрлық ортаның жаңа қатерлері туралы пікір білдіріп, бейнемонтаж, дизайн және визуалды сторителлинг саласында AI енгізудің практикалық кейстерін ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі