Әуезов театрының 100 жылдығына орай «Еңлік – Кебек» спектаклі қойылды

Әуезов театрының 100 жылдығына орай  «Еңлік – Кебек» спектаклі қойылды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Алматы қаласында «Еңлік - Кебек» спектаклінің мерейтойлық көрсетілімі өтті.

«Еңлік - Кебек» қойылымы қазақ кәсіби театрының тарихында айрықша орын алады. Өйткені спектакль – 1926 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанған ең алғашқы қойылымдардың бірі. Қойылым махаббат пен адалдық тақырыбын көтеріп, көпшілік көрерменге ізгі құндылықтарды насихат етеді.

Сонымен қатар, көрермен театр музейі ұйымдастырған «Ұлттық театрдың бастауы - «Еңлік - Кебек» қойылымы» атты экспозициямен танысты. Көрмеде алғашқы сахналық қойылымдар тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, құнды жәдігерлер мен театрдың көркемдік мұрасын айқындайтын материалдар ұсынылды.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі