Астанада «Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклінің премьерасы өтті

Астанада «Анна Каренина. Роман парақтары» спектаклінің премьерасы өтті

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында «Анна Каренина. Роман парақтары» атты хореодраманың премьерасы өтті.

Спектакль әлем әдебиетінің жауһары Л.Толстойдың «Анна Каренина» романының негізінде сахналанған. Спектакльдің жанры – хореодрама. Бұл жанр драмалық әрекетті қимыл-қозғалыс, пластика және музыкалық шешімдер арқылы жеткізуге мүмкіндік береді. Қойылымда автордың адам болмысы, қоғам мен жеке тұлға арасындағы қайшылықтар туралы терең философиялық ойлары заманауи сахна тілінде ұсынылады.

Басты рөлдерді екі құрамда театрдың танымал әртістері мен жас актерлер сомдайды. Сахналық нұсқасының авторы әрі қоюшы режиссері – Рача Махатаев, қазақ тіліне аударған – Қымбат Елубаева.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі