ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұшқан ұя» кітабы бойынша әдеби талқы ұйымдастырылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Ұшқан ұя» кітабы бойынша әдеби талқы ұйымдастырылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұшқан ұя» кітабы бойынша әдеби талқы ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында «Рухы биік, есімі мәңгі» атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге батырдың өмірі мен шығармашылығына арналған фотоматериалдар, кітаптар мен сирек басылымдар қойылды.

Іс-шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, оқырмандар, сондай-ақ ІІМ-ге қарасты департаменттердің өкілдері қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі