Өскеменде архив ісі бойынша семинар өтті

Өскеменде архив ісі бойынша семинар өтті

Өскемен қаласында «Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік бақылау жүргізу», «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің функционалдық мүмкіндіктерімен жұмыс істеуге оқыту мәселелері бойынша өңірлік семинар өтті.

Екі күндік жиында архив ісі және құжаттамаларды басқарудағы жаңартылған нормативтік талаптар түсіндіріліп, құжаттардың сақталуын бақылау және бағалы қорларды сақтау мәселелері қаралды. Сондай-ақ «Қызметтік пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыс қағидалары мен «Бірыңғай электрондық архив» жүйесіне деректерді енгізу тәртібі талқыланды.

Іс-шараға Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының архив басшылары мен мамандары қатысты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі