
Қазақстан делегациясы демократия, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне арналған Ислам-Африка-Араб диалогына қатысты.
Іс-шара «Марракеш - Ислам әлемінің 2025 жылғы жастар астанасы» халықаралық бағдарламасы аясында өтті.
Форумға мемлекеттік құрылымдар, жастар ұйымдары, сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық секторды қамтыған 48 елден шамамен 200 делегат қатысты.
Диалог шеңберінде тұрақты даму, мәдениетаралық ықпалдастық, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне арналған жастар форумы, тақырыптық пікірталастар және сараптамалық сессиялар ұйымдастырылды.
Бағдарлама жастардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы ислам әлемінде бейбітшілік, демократия және тұрақты даму құндылықтарын ілгерілетуді мақсат етті.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі